«Астана» велошабандозы Италияда чемпион болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фабио Ару тасжолдағы Италия чемпионатында топтық жарыста алтын медалді қанжығасына байлады. «Астана» велошабандозы соңғы белесте шабуылға кірісіп, 18 шақырымнан кейін жеке жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі велокоманданың сайтына сілтеме жасап.