Алматы облысында сайлау жоғары деңгейде өтті - халықаралық байқаушы
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға жергілікті мәслихат депутаттарының 98 пайызы қатысты. Бұл жолғы саяси дода екі үміткердің арасында өтті. Сайлау барысын Оңтүстік Корея мен көршілес Ресейден келген 14 халықаралық байқаушы бақылап, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып отырды. Оңтүстік Кореядан келген халықаралық байқаушы Чае Судук сайлаудың жоғары деңгейде өткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.