Қызылордалықтар Иракқа ет сатуды жоспарлап отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жақында Ирактың сауда нарығындағы ет импорты жөнінен көшбасшы компаниялардың бірі - «AlHasanat LTD» компаниясының басшысы Қызылорда облысына келіп, Кәсіпкерлер палатасының алаңында аймақ кәсіпкерлерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Атамекен» ҰКП-на сілтеме жасап хабарлады.