Жетісу өнерпаздары Испанияда өткен халықаралық би фестивалінен жеңіспен оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғандық "Солнышко" хореографиялық ансамблі Испанияның Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған "SUMMER TALENT LEAGUE -2017" халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Есболова Ляззат баяндады.