Шымкенттегі балабақшада бүлдіршін ұйқыдан оянбай қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі балабақшалардың бірінде бүлдіршін қайтыс болды. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, 2 жас 8 айлық ер бала түстің кезінде төсегіне жатып ұйықтап, содан оянбаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.