Дүйсенбіде Қазақстанның солтүстік бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілдеде Қазақстанның солтүстік бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.