Пассионарлық рухтың парасатты қаласы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күлтегін ескерткішінде: «Түрік қағаны Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың» деп, тасқа жазып қалдырған екен. Одан беріде данышпан әл-Фараби «парасатты қаланы», Асанқайғы «Жиделібайсынды» аңсады. Бабалар армандаған Өтүкен мен Ергенеқон, жер жәннаты Жерұйық пен Жиделібайсын - соның бәрі бүгінде ақиқатқа айналып, Астанамен астасып жатқандай... «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында аталмыш басылымның Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің "Пассионарлық рухтың парасатты қаласы» атты мақаласы жарық көрді. «ҚазАқпарат» оқырмандар назарына мақаланың толық нұсқасын ұсынады.