Сананы жаңғырту барша түркі әлеміне ортақ міндет - ТҮРКСОЙ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту xалықаралық ұйымы - ТҮРКСОЙ-да ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласына арналған конференция өтті. Түркия ғалымдары аталған мақаладағы тезистердің барша түркі xалықтарына ортақ екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп шықпақшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.