Сәтпаев әкімдігінде орын алған жанжалға қатысты үшінші адам бес тәулікке тұтқындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтпаев әкімдігінде жанжал шығарған үшінші заң бұзушы бес тәулікке тұтқындалды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкерлерінің бірі түсік тастау қаупімен шұғыл ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.