Елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сондай-ақ рухани жаңғыру үдерісіндегі шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің рөлі жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.