ОҚО-дағы шалғай ауданда 20 үй беріліп, 55 га жер үлестіріледі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Қазірдің өзінде Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 20 үй салынып жатыр. Олар алдымен, әлеуметтің әлсіз тобына берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.