Ақмола облысында ер адам прокуратура қызметкері мен полицейді жаралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ақмол ауылында (Малиновка) ер адам прокуратура қызметкері мен полицейді жарақаттап, кейін өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.