Синхронды жүзудің атауы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) конгресінің шешімімен Синхронды жүзу спортының атауы артистік болып өзгерді. Дауыс беру Будапештегі конгресте өткізілді. Бұл күндері онда Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.