Әкесі мен інісін айуандықпен өлтірген баламды кешірмеймін - сотталушының анасы
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі мен інісін өлтірген Медет Тапаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол ішімдік ішіп, бір күнде әкесі мен інісін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.