Теміртауда жас құтқарушылар бәсекесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 29 шілде күні Теміртау қаласының балаларға арналған «Факел» сауықтыру лагері аумағында қалалық, аудандық жас құтқарушылар жарыстарының жеңімпаздары мен айрықша дайындалған оқушылар құрамалары қатысатын «Жас құтқарушы» облыстық бәсекесі өтеді.