Ташкентте Қазақстан кино күндері өтеді
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан мәденит саласында тоғыспалы іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл туралы кездесу барысында Өзбекстандағы ҚР елшісінің кеңесшісі Фархад Абдухалықов пен «Өзбеккино» ҰА бас директоры Атабек Мусаев уағдаласты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.