Нұрәлі Әлиев ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының кезекті конференциясы өтті. Онда конфедерация шешімімен Нұрәлі Әлиев федерация президенті болып сайланды. Сонымен қатар жиында федерация президиумының жаңа құрамы да белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат баспасөз қызметіне сілтеме жасап.