Көкшетауда Сағынтаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.