ОҚО-да қалалық оқушылар ауылға барып, ондағы тұрғындарға көмектесті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы Елбасы мақаласын қолдау мақсатында тың жобаны қолға алды. «Бір апта ауылда» деп аталатын жоба асында шымкенттік оқушылар Бәйдібек ауданына сапар шегіп, ауылдың тыныс тыршілігімен танысуда. Сонымен қатар киелі жерлерді аралап, ауылдың тірлігіне қарайласып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.