Мысырда тұтқындалған қазақстандық алты азамат елге оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында Мысырда тұтқындалған қазақстандық алты азаматтың елге оралғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.