Қазақстандық биатлоншы Ресейдің намысын қорғауды шешті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биатлоннан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері - қазақстандық биатлоншы Арина Пантова спорттық азаматтығын ауыстыру шешімін қабылдап, келесі маусымнан бастап Ресейдің намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.