«Астана»-«Селтик» матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 тамыз күні «Астана Арена» стадионында «Астана» - «Селтик» командалары арасында футбол матчы өткізілуіне байланысты кері қайту мүмкіндігімен арнайы «Shuttle-Bus» автобус маршруттары ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.