IAAF мамандары Астанада марафон өтетін жолды тексерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) танымал мамандары, испаниялық Мигель Анхел мен Рамон Хорхе 27 тамызда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) марафоны өтетін жолды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.