Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 106 салымшысы «Нұрлы жол» бағдарламасымен пәтер алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары қоныс тойын тойлауда. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 9 қабатты екі үй пайдалануға беріліп отыр. Бір шаршы метрінің бағасы 140 000 теңгені құрады. Баспанаға ие болу үшін банк клиенттеріне пәтер құнының 30%-на тең соманы есеп-шоттарында жинау керек. Жетпейтін қаражатты ТҮҚЖБ жылдық мөлшерлемесі жеңілдікті 5%-ды құрайтын заем түрінде береді.