«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымына ұлттық атом компаниясының жаңа басқарма төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты таныстырды. Ол бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген, деп хабарлады бүгін ұлттық компанияның баспасөз қызметі.