Оңтүстік Қазақстан МЖӘ жобаларын іске асыруда көш басында келеді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобаларды жүзеге асыруда көш басында келеді. Бүгінгі таңда өңірде құны 9,3 млрд теңгенің 13 жобасына жеке әріптес анықталып, келісімшарттар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.