Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуіне қатысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 күнде - 2017 жылғы 21 тамыз - 6 қыркүйек аралығында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2,6%-ға әлсіреді, бұл банктердің, компаниялардың және халықтың тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың ұсыныстан асып кетуі салдарынан орын алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.