Оңтүстікте 1,2 триллион теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өңірдегі инвестициялық жағдайды жақсарту мен инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.