Білімді жан басына қарай қаржыландыру: Мектептер әрбір оқушы үшін таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім беру саласын жан басына қарай қаржыландыру жүйесі мектептер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, білім беру сапасын көтереді деген жоспар бар. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, келесі жылы бір оқушыға бөлінетін бюджет ақшасы 300 мың теңгеге дейін артады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.