Бүгін еліміздің басым бөлігінде екпінді жел тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 13 қыркүйек күні еліміздің кей өңірлерінде жауын жауып, екпінді жел тұрады. Жауын-шашынсыз ауа райы батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және солтүстікте күтіледі. Республиканың жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгиромет» РМК-ға сілтеме жасап.