Сирия оппозициясы: Қазақстан талай жанның өмірін сақтап қалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның арқасында талай сириялықтың өмірі сақталды. Бұл туралы бүгін Астана процесі 6-шы раундының қорытындысына орай өткен брифингте келіссөздер жөніндегі сириялық жоғары комитеттің кеңесшісі Яхья аль-Ариди айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.