Қарағандыда пошташы-дрондар өз жұмысын бастады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 қыркүйекте Саранда сынақ түрінде пошталық дрон ұшырылды. Сараннан Дубовка ауылына бағыт алған ұшқышсыз ұшақ желдің қатты болуына байланысты кешігіп келді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.