СІМ басшысы АҚШ делегациясы мен Франция елшісін қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға Сирия жөніндегі Астана процестеріне бақылаушы ретінде қатысу үшін келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Дэвид Саттерфилдпен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.