Қызылордада тұрмысы төмен отбасыларға 14 млн. теңгенің азық-түлігі таратылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда қаласында «Қала күні» мерекесі жалғасуда. Бүгін күн «Жүрек жылуы» қайырымдылық күні деп аталады.
Осыған орай, қаладағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы аллеяда ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» акциясы аясында қаладағы 800 тұрмысы төмен отбасына 14 млн.теңгенің азық-түлік өнімдері таратылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.