ОҚО-да «Қазагрогрин» кәсіпорны топырақсыз жем-шөп шығаратын жаңа қондырғыны іске қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындайды. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.