Шығысқазақстандық тоғыз оқушы белгісіз газдан уланып қалды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Глубокое кентінде Алтынсарин атындағы орта мектептің 5-сыныпта оқитын тоғыз оқушысы белгісіз газдан уланып қалды. Балаларды жақында ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО Жұмылдыру дайындығы департаментіне сілтеме жасап.