Астанада өтетін жұмыс жәрмеңкесінде 500-ге жуық бос орын ұсынылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы 22 қыркүйекте «Жастар» сарайында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.