Америкалық боксшы Андре Уорд карьерасын аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 79,38 кг салмақтағы Халықаралық бок федерациясы (IBF), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқалары бойынша әлем чемпионы америкалық Андре Уорд кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады. Боксшының сөзі оның ресми сайтында шыққан, деп хабарлайды ТАСС.