ОҚО-да 15 мыңнан аса тұрғын «Өрлеу» жобасының пайдасын көріп отыр
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.