Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстікте, солтүстік батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.