ОҚО-да жас өлкетанушылардың сайысы өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы «Туған жер» бағдарламасы аясында жас өлкетанушылардың сайысы өтті. Су туризмін дамыту мақсатында ұйымдастырылған "Ақ желкен" жарысына 150 оқушы мен 50-ге жуық маман қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.