Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды реттеудің жаңа қадамын ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы жағдай бойынша ашық пікірталас өтті. Онда БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан мәселесі жөніндегі Арнаулы өкілі - БҰҰ Ауғанстанға көмек жөніндегі миссия басшысы Т. Ямамото аталмыш елдегі ахуал бойынша Бас хатшының баяндамасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.