ОҚО: Сағынтаев ішкі және сыртқы нарықты игерген кәсіпорындарда болды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Оңтүстік» индустриалды аймағының бірқатар нысандарында болып қайтты, олардың ішінде шыны ыдыс шығаратын «ЕуроКристалл» ЖШС зауыты және керамикалық гранит өндіретін «Зерде Керамика» ЖШС зауыты бар. Сондай-ақ, ол өндіріске жаңғырту жұмыстарын жүргізу келешегімен танысты. Бұл туралы PrimeMinister.kz сайтында хабарланды.