«Достық керуені» Өзбекстаннан елге оралды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін елге оралды. Керуенді бастап барған облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов сапар турасында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.