Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығысында, түнде солтүстікте және орталықта жауын-шашын сақталады. Республиканың басқа территориясында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болады.