Еліміздегі Аналар кеңесі оңтүстікте бас қосты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 1 774 Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бас қосты. Облыс орталығына жиналған нәзікжандылар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.