ОҚО-да ауылға барған дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ауылға барған дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті. Облыстың бас дәрігерінің сөзінше облыс басшылығы жас мамандарға көп жағдай жасап, қаржы көлемін көбейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.