ОҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы 63 мың га жер мемлекетке қайтарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жылдар ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті.