Алматы облысында 5 күнде 200 тонна қант өндірілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Көксу қант зауытында 5 күнде 200 тонна қант өндірілді. Қызылша өңдеу маусымының сәтті басталуымен зауыт құрылтайшыларын, жұмысшыларын, шаруаларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, зауытқа арнайы барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.