Оңтүстіктегі ауылдық жердегі халықтың 73 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 ауылдық елді мекен халқының 73 пайызы ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.